Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы қаласының тұрғындарымен есептік кездесу өткіздім. Өңір халқына министрліктің қазіргі қызметі, туризм және спорт саласындағы реформалар, лудоманияға қарсы күрес шаралары және алдағы жоспарлары туралы айтып бердім.

Алматы – дүниежүзілік додаларда ел мерейін асырған даңқты спортшылар мекені.
Қазіргі таңда ұлттық құрамада 1 200-ге жуық алматылық спортшы бар. Бұл – негізгі құрамның басым бөлігін құрайды. Сәйкесінше еліміздің тәуелсіздік жылдарында Алматы Олимпиадаға қатысқан 56 спортшыны дайындап шығарған.

Қаланың туристік әлеуеті туралы айтатын болсақ, бүгінде қазақ туризмінің күретамырына айналған Алматы шаһары туристер үшін ең тартымды аймақтардың бірі саналады. Біз инфрақұрылымды дамытуды және осы саладағы кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаудың барлық мүмкін шараларын көрсетуді жалғастырамыз.
👍71
Провел отчетную встречу с жителями города Алматы. Рассказал о текущей деятельности министерства, реформах в сфере туризма и спорта, мерах по борьбе с лудоманией и о дальнейших планах.

Алматы – родина многих знаменитых спортсменов, прославивших страну на мировых соревнованиях. В настоящее время в национальной сборной 1 200 алматинцев, что составляет большую часть основного состава. За годы независимости страны Алматы подготовили к Олимпийским играм 56 спортсменов.

Если говорить о туристическом потенциале города, то на сегодня Алматы является одним из самых привлекательных мест для туристов со всего мира. Мы продолжим развивать инфраструктуру и оказывать все возможные меры государственной поддержки бизнесменам в данной отрасли.
8👍8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарым аясында «Алтайлық Альпі» тау шаңғысы курортының жұмысымен таныстым.
Аумақта жалпы сыйымдылығы 246 қонаққа арналған қонақ үй орналасқан. Сондай-ақ тау туризмін ұнататындарға 5 аспалы жол, 3 бугель типті аспалы жол, 2 креслолық типтегі аспалы жол салынған. Жетілдірілген шаңғы трассалары халықаралық FIS сертификатына ие.

—————————

В ходе рабочей поездки в Восточно-Казахстанскую область посетил горнолыжный курорт «Алтайские Альпы».
На территории расположен отель общей вместимостью 246 гостей. Также для любителей горного туризма построено 5 канатных дорог, из них 3 дороги бугельного типа, 2 - кресельного. Современные лыжные трассы имеют международный сертификат FIS.
👍101🔥1
Алматыға жасаған жұмыс сапарым барысында қала маңайында орналасқан "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің қазіргі жағдайымен таныстым.
👍91
В рамках рабочей поездки в Алматы ознакомился с текущим состоянием Республиканской школы высшего спортивного мастерства по зимним видам спорта "Алатау", который расположен недалеко от города.
👍101
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыға жасаған жұмыс сапарым барысында Жетісу және Алматы облысы өкілдерімен кездесіп, аталған аймақтарда салынып жатқан спорт және туристік объектілер бойынша кеңес өткіздік. Сондай-ақ, жиында облыс әкімдіктері 2023 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласында атқарылған жұмысы туралы баяндап берді.

В ходе рабочей поездки в Алматы мы встретились с представителями Жетысу и Алматинской области и провели совещание по строящимся спортивным и туристическим объектам в данных регионах. Также акиматы областей доложили о проделанной работе в сфере туризма по итогам 2023 года.
👍41
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кезекті рет азаматтарды қабылдау өткіздім. Қоғам өкілдерінің министрліктің қызметіне қатысты, спорт және туризм саласын дамытуға бағытталған барлық ұсынысы мен мәселелерін тыңдадым.

Өздеріңізге белгілі, кейінгі жылдары елімізде көп спорт түрі қарқынды дамып келеді. Соның ішінде футболды ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар мәнерлеп сырғанау спортында да жеңіспен өрілген дәстүріміз бар. Осыған байланысты ел арасында аталған спорт түрлеріне қызығушылық байқалады. Азаматтар бұқаралық футбол мен мәнерлеп сырғанау спортының дамуына ерекше назар аударып, аймақтарда спорт кешендерінің салынуын сұрады.

Сонымен қатар спорт жанашырлары ел футболшыларының шеберлігін шыңдауға мол мүмкіндік беретін кешенді психофизикалық даярлау әдістемесін, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жұмысын жетілдіру, еліміздегі туризм және спорт салаларын дамыту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салып, өзара пікір алмастық. Сондай-ақ аймақ спортында қордаланған бірқатар мәселе айтылып, оны шешу жолдарын ұсынды.
👍51
В очередной раз провел прием граждан, где заслушал предложения и вопросы представителей общественности, касающиеся развития сферы спорта и туризма.

Как известно, в последние годы многие виды спорта активно развиваются в стране. В том числе можно выделить футбол и фигурное катание, к которым наблюдается большой интерес среди населения. Граждане просили обратить особое внимание на развитие данных видов спорта, а также построить в регионах спортивные комплексы.

Кроме того, любители спорта поделились своими предложениями по совершенствованию методики комплексной психофизической подготовки, позволяющей совершенствовать мастерство футболистов страны, совершенствованию работы комитета по делам спорта и физической культуры, развитию туризма и спорта, в целом. Также в ходе приема были озвучены некоторые проблемные вопросы регионов в сфере спорта, и предложены пути их решения.
👍51
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және федерациялардың жұмысын үйлестіруді жолға қою жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында біз 2024 жылғы Париждегі жазғы Олимпиада және Паралимпиадасына, Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына дайындық жөніндегі Штаб құрдық.

Аталған Штабтың бірінші отырысын өткізіп, онда Штабтың құрамын, жұмыс жоспарларын бекіттік. Ұлттық құраманың сапалы дайындығы үшін спортшылар пулы, яғни лицензия мен медаль жеңіп алуы мүмкін үміткерлер жасақталды. Құраманың кейбір көшбасшылары Олимпиадаға жеке жоспар бойынша дайындалады. Яғни, әр спорт түрінің ерекшелігін, спортшының қажеттілігін, физиотерапияны, жарақаттарды оңалту мен алдын алуды, психологиялық қолдауды және спортшыларды жарысқа дайындалуда стрессті басқаруға көмектесуді қоса алғанда, медициналық-биологиялық қамтамасыз етуді ескере отырып жасалады. Айта кету керек, спортшыларды даярлау күнтізбесін қалыптастыру тәсілдері мен қағидаттары толығымен қайта қаралды.
👍41
По поручению Главы государства касательно налаживания координации работы по линии Министерства туризма и спорта, Национального олимпийского комитета и спортивных федераций нами был создан штаб по подготовке к зимней юношеской Олимпиаде в Канвоне и летним Олимпийским и Паралимпийским играм в Париже 2024 года.

Состоялось первое заседание этого органа, где был определен состав штаба и представлены планы его работы. Для качественной подготовки национальной сборной команды был сформирован пул спортсменов – вероятных претендентов на завоевание лицензий и медалей. Некоторые лидеры сборной будут готовиться по индивидуальному плану, который будет составлен с учетом специфики каждого вида спорта, потребности спортсмена, медико-биологического обеспечения, включая физиотерапию, реабилитацию и профилактику травм, психологическую поддержку и помощь спортсменам в управлении стрессом в подготовке к соревнованиям. Следует отметить, что полностью пересмотрены подходы и принципы формирования календаря подготовки наших атлетов.
👍62
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күндері министрлікке бағынышты Спортты дамыту дирекциясының ұжымымен кездестім.
Аталған ұйым олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен Ұлттық штаттық командаларды ұстау, халықаралық дәрежедегі спортшылар мен спорт резервін даярлау, оларды жазғы және қысқы Олимпиадаға, Азия ойындарына, Әлем чемпионаттарына, Әлем және Азия Кубоктарына, басқа да халықаралық жарыстарға қатысу үшін даярлауды қамтамасыз етумен және дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытумен айналысады.
Кездесу барысында алға қойған мақсатымызды айқындап, жоспарымызды жүйелеп алдық.
Сондай-ақ ұжым қызметкерлеріне жаңа басшылары - Ерлан Естекті таныстырып, қызметіне сәттілік тіледім.
👍101
В первые рабочие дни нового года встретился и провел совещание с коллективом Дирекции развития спорта.
Данная подведомственная организация министерства занимается содержанием штатных национальных команд, подготовкой спортсменов международного класса и спортивного резерва, подготовкой к участию в олимпийских и Азиатских играх, чемпионатах, Кубках мира и Азии, других международных спортивных соревнованиях членов национальных сборных команд по олимпийским, неолимпийским, массовым видам спорта и развитием физической культуры и массового спорта.
В ходе встречи представил коллективу нового руководителя - Ерлана Естека. Пожелал ему успехов в работе.
👍122
Атақты спортшымыз Елена Рыбакина Австралиялық Брисбендегі WTA 500 турнирінде жеңіске жетті.
Финалда ол әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Беларуссиялық Арина Соболенконы айқын басымдықпен ұтып, жарысты жарқын аяқтады.
Еленаны жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесімен құттықтай отырып, алдағы әлемдік додаларда да елімізді үлкен жеңістерімен қуанта беруін тілеймін!
Жарайсың, Елена!
👍101
Наша знаменитая спортсменка Елена Рыбакина выиграла турнир WTA 500 в австралийском Брисбене.
В финале она с явным преимуществом победила белоруску Арину Соболенко, которая занимает второе место в мировом рейтинге.
Поздравляю Елену с первым трофеем в новом сезоне, желаю ей радовать страну яркими победами и на предстоящих мировых соревнованиях! Молодец, Елена!
👍131
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Биыл елімізде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетіні белгілі. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында бұл ойындардың еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін айтып өткен еді. Осы ойындарға дайындықты тағы бір мәрте пысықтау үшін елордада кезекті рет ойындарға дайындық бойынша кеңес өткіздік. Алқалы жиынға Ұлттық спорт қауымдастығының, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі дирекция басшылығы, Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының директоры және Ұлттық спорт федерацияларының президенттері қатысып, атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады.
Ойындардың басталуына бір жылдан аз уақыт қалды. Жиын барысында әріптестерімнен бүгінге дейін қандай шаралар атқарылғанын сұрап, алда қандай міндеттер тұр, күрмеуі шешілмеген тағы қандай мәселелер барын анықтау қажет екенін тапсырдым.
👍101
Ойындарға дайындық әзірге жоспар бойынша жүргізілуде. Десе де Ұлттық спорт түрлерінен құрама командалардың дайындығы жоғары деңгейде өтуі керек. Сонымен қатар спортшыларға сапалы жағдай жасап, қаржы мәселелері толық шешілуге тиіс.
👍101
В этом году в Казахстане пройдут 5 Всемирные игры кочевников. В недавнем интервью газете «Егемен Казахстан» Глава государства особо отметил важность этого крупного спортивного события для страны. Для обсуждения подготовки к проведению и участию в этих играх мы собрались на очередном совещании. В заседании приняли участие руководство Ассоциации национальных видов спорта, дирекции по проведению Всемирных игр кочевников, директор Центра национальных и конных видов спорта и президенты федераций национальных видов спорта.
До начала игр осталось меньше года. В ходе совещания обсудили проведенную работу на сегодняшний день, после совместно определили конкретные задачи, которые стоят впереди. Подготовка к играм ведется по плану. Тем не менее, тренировка сборных по национальным видам спорта должна проходить на высоком уровне. Необходимо обеспечить спортсменам качественные условия и полностью решить все финансовые вопросы.
👍111