Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Астана қаласында өткен пара хоккейден «B-Pool» әлем чемпионатын тамашалап қайттым. Басты мақсат - отандық спортшыларға жанкүйер болып, қолдау көрсетіп, қошеметтеу. Себебі алғашқы екі орынды иеленген командалар 2024 жылы пара хоккейден өтетін «А-Pool» әлем чемпионатына жолдама алады.

Қазақстанда пара хоккейдің негізі 2021 жылы қаланса да, осы уақытқа дейін бір қатар жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, бүгінгі күні «B-Pool» сапында Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдермен бақ сынауда. Демек, бұл біздің тарихтағы негізі қалыптасқан «тұңғыш командамыз» деп айтсақ та болады.

Үзіліс барысында команда құрамымен және бапкерлермен кездесіп, олармен келешектегі жұмыс жоспарын талқыладық. Спортшыларымыз да жақында ғана «С-Pool»-дан «B-Pool»-на өткендерін және осындай жарыстың өз елімізде ұйымдастырылып жатқандығына ризашылықтарын білдірді.
Пара хоккейшілеріміз жігерлі ойын көрсетіп, Ұлыбритания командасын 4:3 есебімен жеңді.
5🔥4
В Астане завершился пара-хоккейный чемпионат мира "B-Pool". Основная цель нашего визита - поддержать и вдохновить наших спортсменов. Первые две команды, занявшие призовые места в турнире, получают квоту на участие в чемпионате мира "А-Pool", который пройдет в следующем году.

Несмотря на то, что история пара-хоккея в Казахстане пока ещё не такая долгая, берет свое начало только с 2021 года, наша национальная команда успела стать победителем несколько крупных соревнований. На сегодня национальная сборная – это уже конкурентоспособная и опытная команда. В рамках данного турнира наши соперничали со сборными из Финляндии, Словакии, Швеции, Великобритании и Японии.

В перерыве и после матча встретился с командой и тренерским штабом, обсудили детали подготовки спортсменов и общую стратегию развития данного спорта. Наши ребята выразили благодарность за поддержку при переходе из «С-Pool» в «B-Pool» и за возможность соревноваться на своей земле.
В упорной игре наши хоккеисты оказались сильнее крепкой команды из Великобритании и выйграли со счетом 4:3
👍54🔥2
Ертеңнен бастап Ханчжоуда өтетін IV Азия Пара ойындарына ұлттық құрамамыз жолға шығады. Соған орай Алматы қаласында Қазақстанның ұлттық паралимпиадалық құрама командасын ресми шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.

Өздеріңізге белгілі, 2010 жылы Қытайда алғаш жалауын көтерген Азия Пара ойындарына Қазақстан құрамасы үздіксіз қатысып, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Биыл да аталған жарысқа 131 спортшы 14 спорт түрінен қатысады. Байрақты бәсекеде пара спортшыларымыз үздіктер қатарынан көрінуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды. Ұлттық құрама спортшылары осы жылдың өзінде 40-тан астам спорттық шараға, 30-дан астам оқу- жаттығу жиынына қатысып, өз біліктіліктерін арттырды.

Ел намысын қорғауға аттанған спортшыларымызға тек сәттілік серік болсын.
Құрама қоржынынын толтырып, олжалы оралуларыңызға тілектеспін!
👍4
С завтрашнего дня наша сборная начнет отправляться на IV Азиатские Пара игры в Ханчжоу. В честь этого в г. Алматы была организована официальная церемония проводов национальной паралимпийской сборной Казахстана.

Как известно, Азиатские Пара Игры впервые стартовали в 2010 году в Китае, и с тех пор наши спортсмены активно и неизменно участвуют в этих соревнованиях, проявляя свое мастерство и настоящий дух борьбы среди лучших спортсменов Азии. В этом году 131 пара спортсменов Казахстана представляют нашу страну в 14 различных видах спорта на Азиатских Пара Играх. Этот путь к Играм был полон усердия и невероятного труда. От лица государства оказывалась всесторонняя поддержка. Только в этом году наши паралимпийцы принимали участие в более чем 40 важных спортивных соревнованиях и провели более 30 учебно- тренировочных сборов как внутри страны, так и за ее пределами.

Пусть только удача сопутствует нашим спортсменам, отправившимся защищать честь страны.
Желаем вам успехов, легких стартов и новых достижений!
👍10
9👍4🔥1
Бүгін түнде EURO-2024 іріктеу турнирі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Дания командасына қарсы ойнайды. «Н» тобындағы алты турдан кейін Қазақстан құрамасы - 12 ұпай, Дания құрамасы — 13 ұпай жинады.

Алғашқы кездесулерінде біздің команда Данияны сенсациялық түрде 3-2 есебімен жеңіп, бөркімізді аспанға атқанымыз бәріміздің есімізде.
Бұл матч та өте маңызды. Бізде Қазақстан футболының әлеуетін бүкіл Еуропаға тағы бір мәрте паш етіп, жастарымызды спортқа одан әрі ынталандырудың бірегей мүмкіндігі пайда болды.

Футболшыларымызға барын салып, жоғары деңгейдегі ойын көрсетулерін тілейміз.
________

Сегодня ночью в рамках отборочного турнира по футболу EURO-2024 сборная Казахстана сыграет на выезде против Дании. После шести туров в группе «Н» у команды Казахстана — 12 очков, у сборной Дании — 13 очков.

Все мы помним, как на первой встрече наши сенсационно победили Данию со счетом 3:2 и подарили нам невероятные эмоции.
Этот матч также очень важен. У нас появилась уникальная возможность еще раз показать футбольный потенциал Казахстана всей Европе и вдохновить нашу молодежь на занятие спортом.

Желаем нашим футболистам выложиться на все сто процентов и показать достойную игру.
👍6🔥1
Қазақ боксының кезекті жарқын жеңісі!

Жәнібек Әлімханұлы неміс боксшысы Винченцо Гуальтиериді жеңіп, WBO және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы атанды.

Жәнібек елімізден шыққан дарынды боксшы. Бүгінгі жеңісі барша жанкүйерлерін, қолдаушыларын қуанышқа бөледі.

Әрдайым биік шыңдардан көрініп, байрақты бәсекелерде қашан да топ жаруыңа тілектеспін!
_________

Очередная яркая победа казахского бокса!

Жанибек Алимханулы победил немецкого боксера Винченцо Гуальтьери и стал чемпионом мира по версиям WBO и IBF.

Жанибек - гордость нашей страны. Его сегодняшняя победа наполняет радостью всех болельщиков.

Пусть его путь всегда будет восходящим. Поздравляю с победой!
👍15🔥4
Келесі жылы елімізде тұңғыш рет бірегей спорттық іс-шара- Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осы орайда дүниежүзілік ойындарды өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кеңес өткіздім.

Мемлекет басшысы еліміз үшін маңызды іс-шараны ең жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Жарысқа дайындық қарқынды жүріп жатыр. Кездесу барысында біз көптеген ұйымдастырушылық аспектілерді талқыладық және осы ойындарды өткізудің егжей-тегжейлі стратегиясын жасап, қарастыра бастадық.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - бұл этникалық спорт түрлері мен Орталық Азия халықтарының дәстүрлі ойындары спорттық сайыста тоғысатын алаң. Бұл ойындар біздің мәдениетіміз бен мұрамыздың арасындағы алтын көпір. Спортшылар қазақ күресі, көкпар, құсбегілік, асық ату және басқа да қазақ ұлттық спорт түрлерінен бақ сынайды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен, тіпті дәстүрлі түрде көшпелі емес елдерден командалар қатысады деп жоспарлануда. Мысалы, 2 жыл бұрын Түркияда өткен соңғы жарыстарға 100-ден астам ел мен 3000 мыңнан астам спортшы қатысқан болатын.
👍4🔥2👏1🙏1
В нашей стране в 2024 году состоятся Всемирные игры кочевников - уникальное спортивное событие, которое пройдет на территории нашей страны впервые. По этому поводу провел совещание с представителями оргкомитета по проведению Всемирных игр.

Глава государства поручил организовать знаковое для страны мероприятие на самом высоком уровне. Подготовка к соревнованиям идет полным ходом. На совещании мы обсудили множество организационных аспектов и начали прорабатывать детальную стратегию проведения этих игр.

Всемирные игры кочевников - это площадка, где этнические виды спорта и традиционные игры народов Центральной Азии сходятся в спортивном состязании. Эти игры являются мостом между нашей культурой и наследием. Спортсмены будут участвовать в таких казахских национальных видах спорта, как қазақ күресі, көкпар, құсбегілік, асық ату и другие.

Во Всемирных играх кочевников планируется участие команд со всего мира, даже из тех стран, которые традиционно не являлись кочевыми. К примеру, на последних соревнованиях, проходивших в Турции 2 года назад, участвовало свыше 100 стран и более 3000 тыс. спортсменов.
👍8👏3🔥2
Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Ханеф Х. Алкахтани мырзамен кездестім. Кездесу барысында туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқыладық.

Сауд Арабиясы азаматтары Қазақстанның тұмса табиғатын, көрікті жерлерін өздері келіп көруіне мүмкіндік тудыру үшін, екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығына жаңа серпін беру мақсатында осы елдің БАҚ өкілдері, инфлюенсерлер мен туристік компаниялары өкілдеріне инфотур ұйымдастыруды ұсындым.

Сондай-ақ, мен Сауд Арабиясында 2019 жылы өткен «Көшпенділер әлемі» этнофестивалінің сәтті ұйымдастырылғанын атап, Сауд Арабиясы Корольдігінің өкілдерін 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырдым.

Сонымен қатар, келесі жылы Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай спорт және туризм салаларында бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізу туралы мәселелерді талқыладық.

Кездесудің соңына қарай қос тараптың министрліктері арасында, спорт саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаластық.
______________

Встретился с Чрезвычайным и Полномочным Послом Королевства Саудовской Аравии в Республике Казахстан господином Файсалом Ханеф Х.Алкахтани. В ходе встречи были обсуждены вопросы по сотрудничеству в сфере туризма и спорта.

Предложил организовать инфотур для представителей СМИ, инфлюенсеров и туристских компаний Саудовской Аравии, которое позволило бы гражданам Саудовской Аравии увидеть воочию живописные пейзажи природы Казахстана и придало бы новый импульс развитию сотрудничества обеих стран в сфере туризма.

Также, отметил успешную организацию Саудовской Аравией этнофестиваля «Вселенная Кочевников», прошедшего в 2019 году и пригласил представителей Королевства Саудовской Аравии принять участие на V Всемирных играх кочевников, которые пройдут в сентябре 2024 г. в Казахстане.

Кроме того, в ходе встречи обсудили, о проведении в следующем году ряда совместных мероприятий в сферах спорта и туризма в рамках 30-летия установления дипломатических отношений между Республикой Казахстан и Королевством Саудовской Аравии.

По итогам договорились продолжить дальнейшее сотрудничество в рамках Меморандума о взаимопонимании в области спорта между министерствами обеих сторон.
👍7🔥2
Жеңіс! Біздің құрама 1:2 есебімен ұтты

Қазақстан футбол командасын Финляндия құрамасына қарсы жеңісімен құттықтаймын. Біздің жігіттер намысты қолдан бермей, мықты қарсыласынан айласын асырды.

Алда тағы бірнеше қиын матчтар бар. Оңай болмайды, бірақ бүгінгідей жеңістермен әлі де табысымызды арттыра аламыз.

Алға, Қазақстан!
👍15
Победа! Наша сборная выиграла со счетом 1:2

Поздравляю футбольную команду Казахстана с волевой победой против сборной Финляндии. Нашим парням удалось показать характер и добиться нужного результата против серъезного соперника.

Впереди еще несколько непростых матчей. Легко не будет, но считаю, что нам по силам повторить сегодняшний успех.

Алға, Қазақстан!
👍15🔥4
👍10
Бүгін Астанада жекелей дистанцияда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

Мен чемпионаттың ашылу салтанатына қатысып, турнирге келген спортшыларды құттықтадым, жарысты ұйымдастыруға атсалысқандардың барлығына алғыс білдірдім.

Чемпионат 2023-2024 жж. аралығында өтетін ересектер, жасөспірімдер және қысқы жасөспірімдер олимпиадасына, халықаралық жарыстарға, Әлем кубогының кезеңдеріне қатысатын мықты спортшыларды анықтап, іріктейді.

Чемпионатқа еліміздің 7 облысы мен республикалық маңызы бар 2 қаласынан келген 183 спортшы қатысады.

Бүгін сондай-ақ Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағы мен Қазақстанның конькимен мәнерлеп сырғанаушылар одағының өкілдерімен кездестім. Біз жаңа нысандарды қайта жаңғырту мәселелерін, ұлттық команданың соңғы жетістіктерін және алдағы міндеттерді талқыладық.

Конькимен жүгіру спортынан ҚР чемпионаты 20 қазанға дейін жалғасады. Елорданың тұрғындары мен қала қонақтарын ұландарымызды қолдауға шақырамын, ал спортшыларымызға жарқын жеңістер тілеймін!

__________

Сегодня в Астане стартовал чемпионат Республики Казахстан по конькобежному спорту на индивидуальных дистанциях.

Я принял участие в церемонии открытия, поприветствовал участников турнира и поблагодарил всех, кто участвовал в организации соревнования.

Чемпионат считается отборочным к международным соревнованиям 2023-2024 гг. по выявлению сильнейших спортсменов для участия на этапах Кубка мира среди взрослых, юниоров и Зимних Юношеских Олимпийских игр.

Отмечу, что в чемпионате примут участие 7 областей страны и 2 города республиканского значения. Всего в соревнованиях примут участие 183 спортсмена.

Там же встретился с представителями Казахстанского союза конькобежцев и
Казахстанского союза фигурного катания на коньках. Мы обсудили вопросы реконструкции новых объектов, последние достижения национальной команды и предстоящие задачи.

Сам чемпионат РК по конькобежному спорту продлится до 20 октября. Приглашаю всех жителей и гостей столицы поддержать наших парней и девушек, а самим спортсменам желаю ярких побед!
👍12