Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Сегодня в столичном конно-спортивном комплексе «Арғымақ» в рамках празднования Наурыз мейрамы состоялось праздничное мероприятие «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні», посвященное Дню национального спорта.

В рамках праздничного мероприятия состоялись показательные выступления по көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ ату, қыз қуу и мастер-классы по тоғызқұмалақ и асық ату. Гостям продемонстрировали собак породы тазы, ознакомили с древним искусством құсбегілік. Кроме того, зрелищным сюрпризом для зрителей стал показательный товарищеский матч между сборными Астаны и США по кокпару.

Национальные игры – это наша история, достояние и традиции. Одна из особенностей игр казахского народа — проверка на силу и выносливость. Сегодня во всех регионах будут проведены конные соревнования и соревнований по соколиной охоте, а также турниров по тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту позволят казахстанцам окунуться в ощущение всеобщего праздника.
🔥42
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалы аясында сырт алаңда Грекия футболшыларымен шеберлік байқасады.

Бұл – екі құрама үшін де өте маңызды ойын. Жеңіске жеткен құрама Еуро-2024 турнирінің финалдық кезеңіне шығуға тағы бір қадам жасаса, жеңілген құраманың Қарт құрлық біріншілігінде доп тебу мүмкіндігі тағы төрт жылға шегеріледі.

Қазақстан мен Грекия құрамалары бұған дейін жасыл алаңда екі мәрте кездесіп, екеуінде де қарсыластардың мерейі үстем болған. Бірінші матчта Грекия өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жетсе, Алматыдағы қарымта кездесуде 1:2 есебімен басым түскен еді. Қос құраманың үшінші матчында жерлестеріміз екі ойынның есесін қайтарып, жанкүйерлерді жеңіспен қуантады деген сенімдеміз.

Грекия – Қазақстан матчы 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Афина қаласында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады. Бәсекені Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Ұлттық құрамаға бірге жанкүйер болайық!
Алға, Қазақстан!
👍6🔥1
Сегодня национальная сборная Казахстана по футболу в рамках полуфинала плей-офф Лиги Наций на выезде встретится с Грецией.

Это очень важная игра для двух сборных. Победившая команда будет ближе на один шаг к выходу в финальную стадию Евро-2024, тот кто потерпит поражение в сегодняшнем матче отложит свои шансы на попадание на первенство Старого Света еще на четыре года.

Сборные Казахстана и Греции ранее дважды встречались на футбольном поле, в обоих матчах доминировали наши соперники. В первом поединке Греция одержала победу на своем поле со счетом 3:1, а в ответной встрече в Алматы гости одержали победу со счетом 1:2. Надеемся, что в третьем матче наши парни возьмут реванш за прошлые втречи и порадуют болельщиков победой.

Матч Греция-Казахстан состоится в ночь с 21 на 22 марта в Афинах. Встреча начнется в 00:45 по времени Астаны. Матч можно посмотреть в прямом эфире на телеканале Qazsport.

Давайте вместе будем болеть за нашу сборную!
Алға, Қазақстан!
👍9🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Елордадағы EXPO Халықаралық Көрме орталығы алаңында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасын іске қосу шарасына қатыстым.

Салтанатты рәсімге Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, көкпардан Қазақстан құрама командасының капитаны Құрманбек Тұрғанбек және америкалық ковбой Лэдд Хоуэлл бастаған АҚШ көкпаршылары қатысты.

Кері санақ тақтасының келбеті алшысынан түскен асықты бейнелейді. Санақ тақтасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына неше күн қалғанын көрсетіп тұрады. Кері санақ тақтасы Ойындардың басталуына 171 күн қалғанда іске қосылып отыр.
🔥3
Участвовал в мероприятии по запуску табло обратного отсчета 5-х Всемирных игр кочевников, который прошел в Международном Выставочном центре EXPO в столице.

В церемонии приняли участие Председатель Мажилиса Парламента Республики Казахстан Ерлан Кошанов, Аким города Астаны Женис Касымбек, Президент Всемирной конфедерации этноспорта Билал Эрдоган, президент Ассоциации национальных видов спорта РК Исламбек Салжанов, капитан сборной команды Казахстана по кокпар Курманбек Турганбек и кокпаристы из США во главе с американским ковбоем Лэддом Хауэллом.

Табло представляет собой двухметровую инсталляцию, выполненную в форме Асыка, находящийся в положении Алшы. Запущенное табло показывает, что до начала 5-х Всемирных игр кочевников остался ровно 171 день.
🔥4
Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан семсерлесуден Әлем кубогінің шешуші кезеңінде сапы жаттығуы бойынша Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған Қазақстан ерлер құрамасын шын жүректен құттықтаймын.

Бұл - еліміз үшін тарихи жолдама. Себебі бұған дейін Қазақстан құрамасы семсерлесуден командалық сайыста Олимпиадаға қатыспаған. Ұлттық құрама қоржынына кезекті жолдаманы Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Эльмир Әлімжанов салды. Сонымен қатар командалық жолдаманың нәтижесінде 3 спортшымыз автоматты түрде жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласуға мүмкіндік алып отыр.

Сіздер осы бір тарихи жетістікке жету үшін күні-түні тынбай еңбек етіп, көп тер төктіңіздер. Міне, бүгін сол еселі еңбек ақталды. Сіздерді енді Париж Олимпиадасы күтіп тұр. Сол байрақты бәсекеге жоғары дайындықпен барып, жерлестерімізді жүлделермен қуантады деп сенемін.
👍10🔥2👏1
От всей души поздравляю мужскую сборную Казахстана с завоеванием путевки на Парижскую Олимпиаду по фехтованию в решающем этапе Кубка мира по фехтованию, который проходит в столице Грузии Тбилиси.

Это исторические лицензии для нашей страны. Так как ранее сборная Казахстана не участвовала в командных соревнованиях по фехтованию. Путевку в копилку национальной сборной добавили Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлик Сертай и Эльмир Алимжанов. Кроме того, по итогам командного выступления 3 наших спортсмена автоматически получили возможность побороться за олимпийские призы и в личном зачете.

Вы усердно работали день и ночь, чтобы добиться этого исторического успеха. И вот сегодня этот труд окупился. Теперь вас ждет Парижская Олимпиада. Верим, что и там вы выступите успешно и порадуете наших земляков своими победами.
👍131
Өткен апта отандық спортта ауыз толтырып айтарлықтай жарқын жеңістерге толы болды. Мәселен, жерлестеріміз халықаралық жарыстарда топ жарып, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Грузия астанасы Тбилисиде өткен семсерлесуден Әлем кубогінің шешуші кезеңінде сапы жаттығуы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының жолдамасы мен жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды. Қазақстан қоржынына Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Эльмир Әлімжанов Олимпиада жолдамасын сыйлады. Командалық жолдаманың нәтижесінде 3 спортшымыз автоматты түрде жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласатын болды.
👍4