Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Биыл елімізде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетіні белгілі. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында бұл ойындардың еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін айтып өткен еді. Осы ойындарға дайындықты тағы бір мәрте пысықтау үшін елордада кезекті рет ойындарға дайындық бойынша кеңес өткіздік. Алқалы жиынға Ұлттық спорт қауымдастығының, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі дирекция басшылығы, Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының директоры және Ұлттық спорт федерацияларының президенттері қатысып, атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндама жасады.
Ойындардың басталуына бір жылдан аз уақыт қалды. Жиын барысында әріптестерімнен бүгінге дейін қандай шаралар атқарылғанын сұрап, алда қандай міндеттер тұр, күрмеуі шешілмеген тағы қандай мәселелер барын анықтау қажет екенін тапсырдым.
👍101
Ойындарға дайындық әзірге жоспар бойынша жүргізілуде. Десе де Ұлттық спорт түрлерінен құрама командалардың дайындығы жоғары деңгейде өтуі керек. Сонымен қатар спортшыларға сапалы жағдай жасап, қаржы мәселелері толық шешілуге тиіс.
👍101
В этом году в Казахстане пройдут 5 Всемирные игры кочевников. В недавнем интервью газете «Егемен Казахстан» Глава государства особо отметил важность этого крупного спортивного события для страны. Для обсуждения подготовки к проведению и участию в этих играх мы собрались на очередном совещании. В заседании приняли участие руководство Ассоциации национальных видов спорта, дирекции по проведению Всемирных игр кочевников, директор Центра национальных и конных видов спорта и президенты федераций национальных видов спорта.
До начала игр осталось меньше года. В ходе совещания обсудили проведенную работу на сегодняшний день, после совместно определили конкретные задачи, которые стоят впереди. Подготовка к играм ведется по плану. Тем не менее, тренировка сборных по национальным видам спорта должна проходить на высоком уровне. Необходимо обеспечить спортсменам качественные условия и полностью решить все финансовые вопросы.
👍111
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыға жұмыс сапарым барысында Іле Алатауының әсем бөктерінде орналасқан «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығына бардым.
Аталған нысан спортшыларды даярлаудың ең заманауи талаптарына жауап беретін сапалы жаттығу процесін ұйымдастыру үшін қажет нәрсенің бәріне ие. Бұл кешен Қазақстанның ұлттық командалары үшін негізгі спорттық жаттығу базаларының бірі болып табылады.


В ходе рабочей поездки в Алматы посетил Олимпийский центр «Акбулак», расположенный близ города в живописных предгорьях Заилийского Алатау.
Данный спортивный объект обладает всем необходимым для организации качественного тренировочного процесса, отвечающего самым современным требованиям подготовки спортсменов. Этот комплекс является одной из основных спортивных тренировочных баз для национальных команд Казахстана.
👍91🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жуырда ғана ашылған Олимпиадаға дайындық жөніндегі штаб кеңсесінде Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-Икпен кездестім. Өз тарапымнан екі елдің спорттық оқу орындары арасында ынтымақтастық орнатуға, футбол бойынша жолдастық матчтар өткізуге, спорттық тамақтану және спорттық медицина саласындағы тәжірибені зерттеуге, сондай-ақ биомеханика, психология және физиология саласындағы кәсіби спортты зерттеумен айналысатын қазақстандық мамандарды тағылымдамадан өткізуге ниетті екенімді білдірдім.
👍61
Корея Республикасы көптеген спорт әуесқойлары мен тиімді инвестициялар сияқты маңызды факторлардың арқасында бүгінде спорттық державаға айналып отыр. Біз үшін екі елдің салалық федерациялары арасында тығыз байланыс орнату және тәжірибені зерделеу өте маңызды. Корей спортшыларына оқу-жаттығу жиындарын өткізуге республикалық олимпиадалық даярлық базасын ұсынамыз.
Кездесу соңында Корея Республикасының Елшісі жасөспірімдер Олимпиадасының бойтұмарын табыстап, Қазақстан спортшыларына алдағы жарыста табыс тіледі.
👍91
В стенах недавно открытого Штаба по подготовке к Олимпиаде встретился с Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Корея в РК Чжо Тэ-Ик. Со своей стороны высказал заинтересованность в установлении сотрудничества между спортивными учебными заведениями двух стран, проведении товарищеских матчей по футболу, изучении опыта в области спортивного питания и спортивной медицины, а также в проведении стажировок казахстанских специалистов в исследовании профессионального спорта в области биомеханики, психологии и физиологии.
Республика Корея является спортивной державой, благодаря таким важным факторам, как большое число любителей спорта и эффективные инвестиции. Для нас важно установить тесные контакты и изучение опыта между отраслевыми федерациями двух стран. Мы готовы предложить корейским спортсменам тренировочные Республиканские базы олимпийской подготовки.
В завершении встречи Посол Республики Корея вручил талисман юношеской Олимпиады и пожелал спортсменам Казахстана успехов в предстоящем соревновании.
👍111
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Туризм және спорт министрлігіне қарасты «Kazakh Tourism» ҰК ұжымымен кездесіп, бірлескен кеңес өткіздік. Жиын барысында компанияның өткен жылғы жұмысын қорытындылап, биылғы мақсаттары мен міндеттерін талқыладық.
2024 - еліміздің туристік саласы үшін жауапты жыл болмақ, алдымызда бірқатар маңызды жобалар тұр. Солардың бірі – Қытайдағы Қазақстан туризмі жылын өткізу. Оның негізгі мақсаты – елімізді туристік бағыт ретінде дамыту, мәдени тәжірибе алмасу, екі ел арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайту. Жыл аясында Бейжің қаласында ашылу рәсімі, туризм түрлері бойынша тақырыптық апталар өткізу, Қытайдың 7 ірі қаласында ТОП-20 отандық дестинациялардың тұсаукесері жоспарлануда.
Кездесу соңында Kazakh Tourism қызметкерлеріне жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы жобаларды жүзеге асыруда сәттілік тіледім.
👍53
Встретился с коллективом подведомственной министерству туризма и спорта НК «Kazakh Tourism». В ходе совещания мы подвели итоги работы компании за прошлый год, а также обсудили цели и задачи на предстоящий период.
2024 год является ответственным для отечественной туристической отрасли, впереди много важных мероприятий. Одним из главных событий года станет проведение Года туризма Казахстана в Китае. Основная цель – продвижение потенциала нашей страны как турдестинации, обмен культурным опытом, укрепление взаимопонимания и дружбы между народами двух стран. В рамках Года планируется церемония открытия в г.Пекин, проведение тематических недель по видам туризма, презентация ТОП-20 отечественных дестинаций в 7 крупных городах Китая.
В конце нашей встречи поблагодарил сотрудников Kazakh Tourism за их работу и пожелал удачи в реализации предстоящих проектов.
👍53
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Елордадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне барып, оқу орнының жұмысымен таныстым. 60 жылдан астам тарихы бар аталған ұжым құрылған кезеңнен бастап болашақ чемпиондарды тәрбиелеп келеді.
Әріге бармай-ақ, Тәуелсіздік жылдарында спорт мектебі Е.Ыбырайымов, О.Шишигина, Д.Тұрлыханов, И.Байрамуков секілді Олимпия ойындарының жеңімпаздарын шығарған. Қазіргі таңда спорт мектебінде Олимпиада бағдарламасына енген 18 спорт түрі қамтылған, оның ішінде 4 қысқы спорт түрі бар. Жалпы білім ордасында 400-ге жуық оқушы оқиды. Оның ішінде 280 оқушы мектепте, 120 студент колледжде білім алады.
👍13
Посетил Республиканскую специализированную школу-интернат-колледж олимпийского резерва имени Кажымукана Мунайтпасова в столице, где ознакомился с работой учебного заведения. За более чем 60-летнюю свою историю коллектив организации с момента образования и до сегодняшних дней воспитал множество чемпионов.
За годы независимости спортивная школа выпустила победителей Олимпийских игр, таких как Е. Ибраимов, О. Шишигина, Д. Турлыханов, И. Байрамуков. В настоящее время в спортивной школе занимаются 18 видами спорта, включенными в олимпийскую программу, в том числе 4 зимних вида спорта. В общеобразовательном учреждении обучается около 400 учащихся, из них 280 - получают образование в школе, 120 - в колледже.
👍8🔥4